|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің "Қаныш Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа имени Каныша Сатпаева" отдела образования Актогайского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
Біздің сайтқа қош келдіңіз!
Уважаемые родители, ученики, учителя и гости нашего сайта.
Мы рады приветствовать вас на официальном сайте нашей школы. Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше образовательное учреждение.
Из года в год многое в нашей школе меняется, но одно остается неизменным: школа по-прежнему существует для детей и старается дать детям и Вам, уважаемые родители пространство благополучия, успеха и безопасности.
Наша школа – это большой, надежный, теплый дом, где есть работа и отдых, праздники и будни, и самое главное, – добрые традиции. Сотрудничество педагогов, обучающихся и их родителей, основанное на взаимоуважении и взаимопомощи, является залогом нашего успеха.
Мы утверждаем, что неуспешных людей нет. Успеха может добиться каждый, если предоставить ему соответствующие возможности. Такие возможности мы предоставляем всем желающим.
Наша школа - это учреждение, где активно используются традиционные, хорошо зарекомендовавшие себя методы обучения. Это школа, в которой создана особая, эмоционально привлекательная среда. Яркая атмосфера общешкольных праздников, конкурсов и мероприятий, концерты, фестивали, творческие игры –вот, чем живут учителя и ученики нашей школы.
Хотите узнать больше? Добро пожаловать на наш сайт.
Мы многое еще можем рассказать о нашей школе. Информация, расположенная на его страницах, позволит познакомиться с историей нашей школы, её традициями и ценностями, успехами и достижениями наших обучающихся в учебе, спорте, искусстве. Мы всегда открыты и будем рады, если сайт станет продолжением общения с нашим коллективом.
Дорогие друзья! Мы приглашаем Вас стать нашими постоянными посетителями и заинтересованными собеседниками, ведь и от ваших предложений во многом будет зависеть, какой станет наша школа завтра!
С уважением, администрация школы.
|
15
Қараша
2025
|
15 қараша ДосболLIKE: достық қолын ұсын!» республикалық акциясы аясында бастауыш сыныптарда шығармашылық ынтымақтастықты арттыруға бағытталған қызықты іс-шара өткізілді.
Оқушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, ортақ тапсырмаларды бірігіп орындап, достықтың, сыйластықтың маңызын терең түсінді.
Балақайлар өз ойларын еркін жеткізіп, шығармашылық қабілеттерін дамытып, командалық жұмыс дағдыларын нығайтты.



13 қараша 5–6 сынып оқушылары үшін Ұлттық валюта күні — теңгеге арналған танымдық іс-шара өткізілді!
Оқушылар теңгенің пайда болу тарихымен, оның қорғаныс дәрежелерімен және банкноттарда бейнеленген ұлы тұлғалармен танысты.
Ойын-викторина барысында балалар өздерінің зейінін, тапқырлығын және командалық рухын көрсетті.
Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың еліміздің тәуелсіздік нышандарына деген құрметін қалыптастырып, қаржылық сауаттылығын арттырады.



|
13
Қараша
2025
|
13 қараша күні «Заң және тәртіп» жобасы аясында ерекше іс-шара өтті!
Құқық қорғау органдарының өкілі оқушылармен кездесу өткізіп, заң туралы маңызды мәліметтермен бөлісті.
Сонымен қатар, «Жас қанат» жастар ресурстық орталығының инспекторлары қызықты интеллектуалды квиз ұйымдастырды.
Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды!
Барлық қатысушыларға белсенділік пен қызығушылықтары үшін алғыс білдіреміз!


|
25
Қазан
2025
|
Бұл – халқымыздың тәуелсіздігі мен бірлігін дәріптейтін, Отанға деген мақтаныш сезімін ұялататын ерекше мереке.
Осы айтулы күнге орай патриоттық рух пен қуанышқа толы мерекелік концерт ұйымдастырылып,
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты рәсімі өтті.
Жас ұландар елімізге адал болуға, үлкендерді құрметтеуге, туған жерін сүюге және Қазақстанның абыройын арттыруға ант берді.
Бұл күн – жас буын үшін елге қызмет етудің, ізгі істер мен жарқын мақсаттарға ұмтылудың бастауы болсын!
Бәрімізге бейбітшілік, бірлік пен өркендеу тілейміз!

|
10
Қазан
2025
|
Мектебімізде қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» тақырыбында танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – жазушының шығармашылық мұрасын дәріптеу, оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру және ұлттық әдебиетті құрметтеуге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар жазушының өмір жолы мен еңбектері туралы мағлұмат алып, оның балаларға арналған әңгімелерінен үзінділер оқыды. Сонымен қатар, оқушылар шығармашылық тапсырмалар орындап, жазушының кейіпкерлеріне байланысты көріністер көрсетті.
Бұл тағылымды шара оқушыларға қазақ балалар әдебиетінің құндылығын терең түсінуге мүмкіндік берді.



|
7
Қазан
2025
|
6 қазан мектебіміз ерекше жылылық пен алғысқа толы болды.
Таңертеңнен бастап оқушылар сүйікті ұстаздарын қол шапалақтап қарсы алды – бұл әсерлі сәт ұстаздардың көңілін толқытып, жүректерге қуаныш сыйлады.
Мерекелік көңіл-күйді концерттік бағдарлама жалғастырды: әуезді әндер, жүрекжарды өлеңдер мен ұстаздарға арналған жылы лебіздер айтылды.
Құрметті ұстаздар, даналығыңызға, сабырыңызға және еңбегіңізге деген сүйіспеншілігіңіз үшін алғыс білдіреміз.
Сіздер күн сайын балаларға біліммен бірге үміт пен сенім сыйлайсыздар!

В нашей школе в рамках республиканской акции «Безопасная школьная среда» была организована профилактическая встреча с участковым инспектором. Цель мероприятия — повысить правовую грамотность учащихся, предотвратить возможные опасные жағдайлар и сформировать безопасную орта в школе.
В ходе встречи инспектор провёл разъяснительную работу по вопросам общественного порядка, правил дорожного движения, безопасности в интернете и профилактики правонарушений. Также учащиеся смогли задать интересующие их вопросы и получить подробные ответы.
Наша школа продолжит работу по укреплению безопасной образовательной среды в рамках данной акции.
|
18
Қыркүйек
2025
|
Тілдер айлығы аясында мектебімізде ерекше форматтағы «Лингвистикалық кафе» шарасы өтті. Іс-шара барысында әр пән бірлестігі бір ұлттың салт-дәстүрін, ұлттық тағамдары мен өнерін таныстырып, оқушыларға түрлі халықтардың мәдениетімен танысуға мүмкіндік берді.
Шарадағы әр «ұлттық бұрыш» көркем безендіріліп, қонақтарға сол ұлтқа тән тағамдар ұсынылды. Оқушылар мен мұғалімдер өнер көрсетіп, ұлттық киімдер мен дәстүрлі бұйымдар арқылы өз ерекшеліктерін танытты.
«Лингвистикалық кафе» көпұлтты мәдениетті дәріптеп, оқушылардың тілдерге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.











